Все статьи из рубрики "Қоғам"

Мейрамханалық қарағылық

Жанұямызбен Парижде болғанымызда Елисей алаңындағы «Paul» наубайханасына кіріп, багет, круассан алып көршілес «Starbucks» дәмханасына (онда кофесі дәмділеу) шығып кеттік. Отырдық, таңертеңгі асымызды іштік.

Өткен жылы Парижден достарымызға дәмді сарқыт әкелгенімізді кенет еске түсірдік. Оларды әйгілі астаналық мейрамханаға шақырдық, кешкі асқа тапсырыс бердік, ал тәттіге өзіміздің сарқытымызды алып шығардық. Сол сәтте даяшы, одан кейін әкімгер жетіп келді де, олардың мекемелерінде бөтен …

Read more
Comments: 0

Бай адамдардың арзан нәрселері

     Жақында өзім үшін «Арзан нәрселерді сатып алу үшін мен соншалықты бай емеспін» деген мақалдың жаңа мағынасын аштым.

     Дегенмен шынында тек қана бай адам арзан нәрселерді киюге және арзан қызметтерді пайдалануға өзіне ерік бере алады.

     Неге екенін білесіздер ме?

     Өйткені ол ешкімге ештеңе дәлелдеу қажет емес. Ол танымал болды. Ол бүкіл әлемге және …

Read more
Comments: 0

Өзгенің қателігі

           Неліктен адамдар өзгенің қателігі мен жеңілісіне соншалықты қуанады?  Әсіресе танымал адамдар.

          Менің ойымша, бұл өзінің әлсіздігін санасымен ақтауы деп ойлаймын.

          Ойлағанға жақсы :« Мен мінсіз емеспін, бірақ кім мінсіз? Қараңыздар, тіпті ұлы адамдарда қателік жібереді. Менен не сұрай алады?». Сонымен жаның жеңілдей түседі.…

Read more
Comments: 0

Көрсетілім үшін байлық

Менің танысымның ұлы Чехияның бір университетінде білім алып жүр.  

Жуырда ол баласының хал-жайын білу үшін барып келді. Ұлының курстастарын, көбінесе чехтарды, қазақ ұлттық тағамдарымен сыйлайыншы деп, жатақханада дастархан жайды. Отырыс алдында ұлы шешесіне кенет былай деді: «Анашым, сен менің достарымның көзінше өзіңнің «Dior» сөмкеңді және iPhone-6-ны шығармашы, өтінемін». «Неге?» – деп менің танысым аң-таң болып қалды. «Білесің бе, – …

Read more
Comments: 0

Нөкер

          Нөкер патшаны жасайды деген сөз бар.

          Бірақ ең алдымен патша нөкерді жасайды (патшаға бағынышты адамдарды еріксіз еріп қосқан жағдайларынан басқа).

          Сондықтан да әр бағынышты қызметкер өзінің басшысының қандай да бір қасиеттерінің және ерекшеліктерінің көрінісі болып табылады. Ал әр басшы өзінің бағынышты қызметшісіне сай болады.

  …

Read more
Comments: 0

Даяршылардың түрлері.

    Барлық даяршыларды шартты түрде төртке бөлемін: «мырзалар», «қызметшілер», «роботтар» және «достар».
«Мырзалар» өздерін тәкаппар ұстайды, әзер сөйлеп тұрады, жүздерінен сыр бермейді. Кеңес Одағы кезінде сатушылар тұтынушылардан үстем болғанда осындай даяршылар басым болатын. Қазір мұндайлар сирек кездеседі. Қымбат мейрамханаға джинсы мен футболка киіп барсаңыз, жолығып қалуыңыз мүмкін.

    «Роботтар» – нұсқаулықтар мен бұйрықтар шеңберінен шықпайтын орындаушылар. Олар

Read more
Comments: 0

Әйелдің түрлері.

Әйелдер әр түрлі болады. Күйеулерімен қарым-қатынасына қарай әйелдердің келесі 10 түрін бөліп айтар едім.

       1. Серіктес әйел.

Ол күйеуімен бір іспен айналысып, оның көзқарасы мен барлық әрекеттерін толық қолдайды. Қиын сәтте тіпті жолдасының орынын да баса алады.

Бұндай әйелдің жарқын мысалы – Хиллари Клинтон, қайсарлығы пен харизмасы күйеуінен еш кем түспейді.

       2. Орынбасар әйел.

Бұлар серіктес әйелдей жолдасына барынша қолдау …

Read more
Comments: 0

Сіздің қызғанышыңыз қандай?

Басқа  адамдардың жетістіктері туралы естігенде көптеген адамдарда қызғаныш пайда болады.

Кейбір адамдарда қызғаныш көре алмаушылықа ұласып, мазасын қашырады. Тіпті олар өздерін жолы болмаған бейшара сезіне бастайды. Ары қарай олар жетістікке жеткен адамның бойынан кемшілік іздей бастайды. Кемшілік таппаса, ойлап табады. Нәтижесінде мынадай қауесет сөздер пайда болады: «Менің осындай қайын атам болса, мен де миллионер атанар едім! Осы еврейлердің жүрмейтін жері …

Read more
Comments: 0

Жеңіс күні.

9 мамырда жыл сайын Қазақстанда Жеңіс күні атап өтіледі.

Соңғы жылдары бұл мерекеге қатысты алуан түрлі пікірлер айтылуда.

1. Отан соғысы деген қай соғыс? Әлем жұртшылығы Екінші дүниежүзілік соғысын біледі. Ал Ұлы Отан соғысы деген атауды үгіт-насихат мақсатында Кеңес Одағы қолданды.

Бір соғыс әр елде әр түрлі аталады. Мысалы, Англияда Шығыс майдан, Германияда Неміс-Кеңес соғысы, Орыс немесе Шығыс жорығы деп …

Read more
Comments: 0

Қазақстанның ұлттық және тілдік моделі.

       Менің пайымдауымдағы Қазақстанның ұлттық және тілдік моделі.

       Қазақстан көпұлтты мемлекет болып қала береді. Ұлты мен нәсіліне қатысты ешкімге қысым көрсетілмейді. Дүние есігін ашарда ұлтын ешкім таңдай алмайды, сондықтан адамның ұлты ешқандай артықшылық та, кемшілік те емес.

       Қазақстанда барлық этностар мойындалып, құрметке ие болады. Диаспоралардың ұлттық-мәдени орталықтары болады, олар этникалық ерекшеліктерін сақтап қала алады, бірақ мемлекет құраушы ұлт …

Read more
Comments: 0