Все статьи из рубрики "Қоғам"

«Хайп» деген не?

       Бұл шетел сөзі, дау-дамайды, у-шуды, қызу пікірталасты, жаппай талқылауды, жанжалды, мазасыз жарнаманы, эмоциялық қозуды және т.б. білдіреді.

       Хайп коммерциялық, әлеуметтік, саяси болады.

       Коммерциялық хайп қандай да бір тауарға, тұлғаға немесе компанияға деген қызығушылықты арттыру үшін көтеріледі. Мысалы, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанда «KСell» және «Tele2» компаниялары арасындағы билбордтар соғысы түріндегі әжептәуір хайп ойнатылды. Бұл шу …

Read more
Comments: 0

Вегандық.

Еуропада  веган болу сәнге айналғанын байқадым. Вегандық – бұл тек жануар етінен толық бас тарту ғана емес, жалпы өмірлік философия сияқты. Вегетериандықтар жануарларды тамақ пен киім үшін өлтіруге қарсы болса, вегандар бұдан да күрделі көзқарасты ұстанады. Олар жануарлардың тіршілігіне қажетті өнімдерді пайдалануға да қарсы. Мысалы, сиырдың сүті бұзауына, тауықтың жұмыртқасы балапанына қажет болғандықтан, бұл өнімдерді пайдалануға болмайды. Сондықтан нағыз вегандар… Read more
Comments: 0

Патшалар және құлдар.

«Қазақстанның демокартиялық таңдауы» қозғалысының мүшелері арасында Әблязовты пір тұтатындар көп екенін байқадым. Олар оған тамсанады, оның адалдығы үшін ант етеді, ол үшін өз өмірін беруге де дайын. Ол елдің басшысы да болып үлгерген жоқ, қуғынға ұшыраған оппозиционер ғана. Ол билік басына келсе не болады?!

Дегенмен адамдар өзгермейді екен!

Эстрада әншілері мен футбол жұлдыздарына есі кетіп жанкүйер болатындармен қатар бұл адамдарды …

Read more
Comments: 0

Қазақ латынының үш нұсқасы.

     Мемлекеттік мекемелер маңдайшадағы жазуларын жаңа латынға ауыстырып жатқанда, бір түн ішінде кітаптар басылып жатқанда халық апострофтардан аман қалатынына үміттеніп отыр. Мен WhatsApp және Messenger арқылы латынға көшу мәселесін талқылауға үшін бірнеше топқа қосылдым. Бұл топтарда қарапайым адамдар да, белгілі ғалымдар да бар.

     Латынға көшуді қолдайтындар арасында үш топ қалыптасқанын байқаймын.

     Бірінші топ (мен оларды …

Read more
Comments: 0

Блогердің еншісі.

Ол блогер боламын деп шешті.

Не жазарымды, қашан жазарымды өзім білемін, халықты таң қалдырамын, халық мені жақсы көретін, пікіріме құлақ асатын болады, маған жағымпазданатындар да табылады деп ойлады.

Ақыры ол блогер болды.

Бірақ оқырмандарына қалай жағымпаздана бастағанын, олардың пікіріне тәуелді болып қалғанын байқамай да қалды.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - udel_blogera.jpg

Read more
Comments: 0

Үлкен жеңістердің күнделікті бағасы.

Күн сайын бір тастан таситын болсаң, ешкім байқамауы мүмкін.

Бір күні тасыған тастарың тау болып, басында тұрғаныңды сезінесің.

Сонда айналадағылар қызыға қарап, сенің орныңда болғысы келеді.

Бірақ ешкімнің күніне бір тастан тасығысы келмейді.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 28166513_1736181249776293_1115030538148327112_n.jpg

Read more
Comments: 0

«Қара жүздер»

      Алдыңғы ғасырдың басында Ресейде «қара жүздер» сияқты құбылыс өркендей түсті.

      Басында бұл орыс шовинистердің және антисемиттердің еврейлерді және монархия жауларын белсенді түрде жәбірлейтін бейресми қозғалыс болды

      Уақыт өте келе осы сөздің мағынасы өзгерді, бірақ менің түсінігім бойынша «қара жүздер» – мемлекеттің ашық енжарлығы кезінде өкіметке ұнамсыз қарсылық әрекеттерді күшпен басатын билік …

Read more
Comments: 0

Өзіне иелік ету еркіндігі.

       Қазақстандық заң бойынша тірі адамға өз ағзаларын ақшаға сатуға тыйым салынған және бұл заңмен жазаланады. Сондай-ақ, тірі адамнан ағзаларды сатып алу тыйым салынған. 
       Менің ойымша, осындай тыйым еркін қоғамның негізін құрайтын қағидаға – тұлғаның өз денесіне жəне өз өміріне өз еркімен иелік ету құқығына қайшы келеді. 
       Біздің Конституциямызда біз мемлекеттің жоғарғы құндылығы адам, оның құқықтары жəне еркіндігі …

Read more
Comments: 0

Өз жолың

           Жақында жастармен кездесуде менен « Жастарға қандай басты ақыл-кеңес бере алатын едіңіз?» деп сұрады.

           Жаман сұрақ емес. Өмірдің мәнімен мағыналас сұрақ. Мен ойланып тұрып, былай жауап бердім: «Мен өзімнің өткен жылдарыма жасаған басты өмірлік  қорытындым мынада: Бәрі адамның өз қолында! Барлық қиындықтарына да тек өзі кінәлі. Сонымен қатар жеңісініңде жеңімпазы …

Read more
Comments: 0

Объективтілік деген не?

Объективтілік деген не?

Объективтілік дегеніміз – жергілікті әйелдерге бірнеше келімсектер зорлық көрсетіп, айнадағыларды тонағанда, сол кезде бұл мемлекеттің көпшілік азаматтары келген адамдардың кетуін және басқалардың қабылдануына тыйым салуын талап еткенде, сен: «Жоқ! Барлық келімсектер бірдей емес. Олардың арасында жақсы адамдар бар. Нақты қылмыскерлер мен заң бұзушыларды жазалайық, бірақ біздің көмегімізді қажет ететін адамдарға жол жаппайық», – деп айтуың.

Объективтілік дегеніміз …

Read more
Comments: 0